⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің түрлері  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы

8-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің түрлері  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің түрлері  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы 

       Меншіктің мемлекеттік мониторингінің түрлері мыналар болып табылады:   

       1) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік нысандарының мониторингі.  

       Меншік нысандарының мониторингі экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы жеке меншіктің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігінің және шетел азаматтары мен/немесе/ заңды тұлғалары, ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары меншігінің арақатынасын айқындауға бағытталған;   

       2) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі.  

       Мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің меншік құқығының субъектісі ретіндегі құқықтарын пайдалануға негізделген және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы мемлекеттік сектордың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған;   

       3) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы жеке меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі.  

       Жеке меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнеркәсіптік әлеуетті сақтау мен нығайту, өндіргіш күштерді дамыту мақсатында жүзеге асырылады.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490 Заңы. 

       Осы Заң экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы