⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Сауда қызметін реттеу туралы Заңы 

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары: 

      1) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi; 

      2) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады; 

      3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 

      4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді; 

      5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады; 

      6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады; 

      7) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       7-1) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       7-2) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       8-баптың екінші бөлігін алып тастау көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары: 

      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін; 

      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекітеді. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы. 

        Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы