8-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары Өсімдіктер карантині туралы Заңы
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу және қажет болған кезде залалсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;
1-1) карантиндік фитосанитариялық талаптарға және (немесе) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге және транзиттеуге тыйым салуға;
2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат алуға;
3) карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға;
4) жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамалар шығаруға;
5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға құқығы бар.
6) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.29 № 488, 2002.02.18 № 293, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы