8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiмен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 3№ 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі – тергеу изоляторлары) өздеріне қатысты бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған.
2. Тергеу изоляторлары заңды тұлға құқықтарына ие болады. Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
3. Тергеу изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.29 № 25, 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы