8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi өз өкілеттiктерi шегiнде:
1) мемлекеттiк құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық құқықтық статистикалық байқаулар жүргізуге және жедел-iздестiру, қарсы барлау және қызметтік жұмысты қамтамасыз етуге арналған жедел, ведомстволық есепке алуды жүргізуге құқығы бар.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шекте, көлемде және мерзiмдерде ақпараттық есепке алу құжаттарын, өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi органға беруге;
2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығын, объективтiлiгiн, анықтығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз етуге және өз өкiлеттiктерi шегiнде құқықтық статистикалық ақпараттың көрсетiлуiнiң толымдылығын және анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттiк құпияларды, дербес деректерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелерден, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау туралы актілерді тiркеуге мiндеттi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 Заңы.
Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы