⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың жеке тұрғын үй құрылысы жағдайындағы құқықтары мен мiндеттерi Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

8-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың жеке тұрғын үй құрылысы жағдайындағы құқықтары мен мiндеттерi Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың жеке тұрғын үй құрылысы жағдайындағы құқықтары мен мiндеттерi Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы  

       Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      Жеке тұрғын үй құрылысын салу ережелерiне сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары: 

      бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес анықталған аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн белгiленген тәртiппен берудi; 

      жеке тұрғын үйлер салынатын аумақта әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн салып, пайдалануды; 

      құрылыс салудың ережелерiнде белгiленген мерзiмде жер учаскелерiн бөлу, жобаларды келiсу, техникалық шарттарды беру жөнiндегi материалдар дайындауды, құрылыс үшiн несие бөлудi, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және үйдi жайғастыру заттарын сатуды, құрылыс кезiнде қызмет көрсетудi жүзеге асыратын аудандық (қалалық) қызметтердiң жұмысына, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың мүдделерiн қорғайтын және осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да қалыпты құжаттарында көзделген қалыптардың сақталуына бақылау жасауды; 

      жеке тұрғын үйлердi, басқа да құрылыстарды салып, пайдалану және жер учаскелерiн пайдалану ережелерi туралы азаматтарға хабарлауды ұйымдастырып, қамтамасыз етедi. 

      Барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдар жеке тұрғын үй құрылысын жүргiзушi өз қызметкерлерiне шарттық негiзде Қазақстан Республикасының заң құжаттарында белгiленетiн тұрғын үй алаңының әлеуметтiк қалыптары шегiнде қаржы, материалдық және өзге де қолдау жасай алады.  

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213 Заңы. 

Осы Заңның мақсаты - мемлекет, жергiлiктi атқарушы органдар және тұрғын үй жайға деген конституциялық құқығын жүзеге асыру үшiн жеке тұрғын үйлер салушылар (меншiктенушiлер) болатын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы өзара қатынастарды реттеудiң құқықтық базасын жасау.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы