⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асырудағы адалдығы көзделеді.  

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салықтық төлемдерді азайту мақсатында өзінің заңсыз әрекеттерінен пайда табуына жол берілмейді. 

      3. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық органының алдын ала алынған жазбаша жеке-дара түсіндірмесіне сәйкес орындаған салықтық міндеттеме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе жаңа, мағынасы жағынан өзге түсіндіру жіберілсе, онда айыппұлдар мен өсімпұл салық төлеушінің есебіне жазылмай, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде салықтық міндеттеме түзетілуге (түзеуге) жатады.  

      4. Салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзушылық салықтық тексерулер жүргізу барысында сипатталған болуға тиіс. Тұжырымдарды негіздеу және Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын мән-жайларды ашып көрсету салық органдарына жүктеледі.  

      5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Қазақстан Републикасының салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына түсіндіріледі. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы