⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi  Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы

8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi  Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi  Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы 

      1. Сақтанушының: 

      1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға; 

      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 

      3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға; 

      4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 

      5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 

      5-1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге; 

      6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге; 

      7) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтетуге құқығы бар. 

       2. Сақтанушы:  

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартына сәйкес сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға; 

      1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға; 

      1-2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын сақтанушыны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеген жағдайда сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасуға арналған өтінішті электронды түрде беруге; 

      2) сақтандыру сыйлықақысын қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзiндегi сақтандыру жөнiндегi барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге; 

      2-1) мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге; 

      3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға; 

      4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға; 

      5)  уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге; 

      6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге; 

      7) пайда алушы бойынша сақтандыру төлемін есептеу, аннуитет шартын жасасу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты (оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) электрондық пошта мекенжайын) шартта белгіленген мерзімде сақтандырушыға беруге; 

      8) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге; 

      9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға; 

      10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға; 

      11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмiн орындауға; 

      12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға; 

      13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға; 

      14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз eтугe; 

      15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде аннуитет шартын жасасуға; 

      15-1) осы Заңның 23-1-бабына сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізуге; 

      16) аннуитет шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін пайдасына аннуитет шарты жасалған пайда алушыға ұсынуға; 

      17) зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты жасалған пайда алушыға ұсынуға міндетті. 

       3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.  

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы. 

          Осы Заң қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы