⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің құзыреті Сыртқы барлау туралы Заңы

8-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің құзыреті Сыртқы барлау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 8-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің құзыреті Сыртқы барлау туралы Заңы 

      Сыртқы барлау субъектілерінің құзыретіне мыналар жатады: 

      1) барлау ақпаратына қол жеткізу, оны жинақтау, талдау, жүйелеу және қорыту, оның негізінде ұсыныстар, бағалау мен болжамдар дайындау; 

      2) Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты одан тысқары жерлерде барлау қызметін жүзеге асыру; 

      3) жасырын көмек көрсетуге келісім берген адамдармен ақы төленбейтін не ақылы негізде жария емес ынтымақтастық орнату; 

      4) сыртқы барлау субъектiлерiнiң әскери қызметшілерін, қызметкерлері мен жұмыскерлерін шифрлау, оның iшiнде осы мақсаттар үшiн өзге де ведомстволық тиесiлiлiктi пайдалана отырып, олардың қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi шараларды iске асыру; 

      5) сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін адамдарды, сыртқы барлау субъектілері бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін шифрлеу жөніндегі шараларды іске асыру; 

      6) барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпарат алу; 

      7) сыртқы барлау субъектілерінің қауіпсіздігін олардың өз күштерін, құралдары мен ақпараттарын заңға қайшы іс-әрекеттер мен қатерлерден қорғауы арқылы қамтамасыз ету; 

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

      9) радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру; 

      10) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі сыртқы барлау субъектiлерiнiң және сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады. 

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі; 

      11) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің мемлекеттік құпияларын қорғауды қамтамасыз ету; 

      12) өзінің қорғалған байланыс жүйесін пайдалану; 

      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану; 

      14) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру; 

      15) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де өкілеттіктерді орындау. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы