8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi 2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында жекеше нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
Жекеше нотариус өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын нотариаттық iс-әрекеттердi бастағанға дейiн жасасуға мiндеттi.
2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.
4. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру полисін сақтандырушының электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
4-1. Сақтанушының қалауы бойынша жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
5. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе үшiншi тұлғалардың жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен үшiншi тұлғалардың алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 Заңы.
Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы