⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

8-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 8-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы 

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

       2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:  

      1) мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ережені әзiрлейдi, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады; 

       2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;  

      3) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында скрининг ұйымдастырады; 

      4) скрининг нәтижелерiн және "қатер" тобындағы балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісуімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi; 

       5) кемтар балаларды арнаулы бiлiм беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастырады және оларды басқа бiлiм беру ұйымдарында оқыту үшiн жағдай жасайды;  

       6) <*>  

       7) арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен психикалық және (немесе) дене кемiстiктерiн анықтау, есепке алу мен түзеу салаларында жұмыс iстейтiн кадрларды қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды жоспарлайды және ұйымдастырады;  

       8) ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөнiндегi әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;  

       9) жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, кепiлдiктi медициналық қызмет көрсетiлу және тегiн бiлiм алу құқықтарын iске асыруды, сондай-ақ әлеуметтiк көмек алуды және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлудi қамтамасыз етедi;  

       10) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларының құқықтарын қорғауды және оларға консультациялық көмек берудi қамтамасыз етедi;  

      11) кемтар балалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi; 

      12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң шешiмiмен: елу мың балаға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар – республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында; оңалту орталықтары – республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада; психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында құрылады. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы. 

       Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы