⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Судья, егер ол:

      1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iс соттылығына жатқызылған судья болып табылмаса;

      2) осы қылмыстық іс бойынша тергеу судьясы ретінде қатысқан болса, тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған болса;

      3) осы iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;

      4) осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, күдіктінің, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде қатысса;

      5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, күдіктінің, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы не процеске қатысушылардың қайсыбіреуінің жекжаты болса;

      6) егер судья осы iске жеке, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп санауға негiз болатын өзге де мән-жайлар болса, iстi қарауға қатыса алмайды.

      2. Қылмыстық iстi қарайтын соттың құрамына туыстық немесе басқа да жеке тәуелдiлік қатынастарымен байланысқан адамдар кiре алмайды.

      3. Қылмыстық iстi бiрiншi сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған үкімнің немесе істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда, істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.

      4. Істi апелляциялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін осы істі бірінші және апелляциялық сатыларда қарауға, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде қатыса алмайды.

      5. Істi кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулының күші жойылғаннан кейін бұл iстi бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға қатыса алмайды.

      6. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол iсті кассациялық сатыда қарауға қатыса алмайды. Істі кассациялық сатысында қарауға қатысқан судья сол істі төмен тұрған сатылардағы соттарда қарауға, сондай-ақ осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігіндегі тәртіппен кассациялық сатының қаулыларын қайта қарауға қатыса алмайды.

      7. Істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарауға қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.

      7-1. Егер судья қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарауға бұрын қатысқан болса, ол жаңадан келіп түскен қылмыстық істі қарау кезінде бірінші сатыдағы сотқа қатыса алмайды.

      7-2. Егер апелляциялық және кассациялық сатының судьясы қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты қылмыстық істі алдыңғы қарауға қатысқан болса, ол тиісінше апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотқа қатыса алмайды.

      8. Қарсылық бiлдiру қылмыстық процестің кез келген сатысында судьяның іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туралы белгілі болғанда мәлімделуге тиіс.

      9. Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi сот кеңесу бөлмесiнде қаулы шығару арқылы шешедi.

      10. Судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi қалған судьялар қарсылық бiлдiрiлген судьяның қатысуынсыз шешедi, ол судьялар кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн өзіне мәлiмделген қарсылық бiлдiру жөнiнде өзiнiң түсiнiктемесiн көпшiлiк алдында айтуға құқылы. Бiрнеше судьяға немесе соттың бүкiл құрамына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi сот толық құрамда көпшiлiк дауыспен шешедi. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық бiлдiрiлген болып саналады.

      11. Бұлтартпау шараларын қолдану немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы өтiнiшхатты шешетiн, сондай-ақ шағымдарды осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен қарайтын тергеу судьясына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi осы тергеу судьясы қаулы шығара отырып жеке-дара шешедi. Iстi осы Кодекстiң 52-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес жеке-дара қарайтын судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi сол соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда, жоғары тұрған соттың судьясы шешедi. Қарсылық бiлдiру туралы мәлiмдеме қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық iс, шағым не өтiнiшхат белгiленген тәртiппен басқа судьяның iс жүргiзуiне берiледi.

      12. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағым жасауға (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге) жатпайды. Қаулымен келiспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына немесе сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа, наразылыққа енгiзiлуi мүмкiн.

      Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi...

Толық оқу »

88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Прокурор осы Кодекстiң87-бабындакөзделген мән-жайлардың кез келгенi болға...

Толық оқу »

89-бап. Тергеушiге және анықтаушыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

89-бап. Тергеушiге және анықтаушыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң87-бабындакөзделген негiздер болған кезде т...

Толық оқу »

90-бап. Куәгерге қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

90-бап. Куәгерге қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң 87-бабында және осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөлік...

Толық оқу »

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот отырысының хатшысы және сот пристав...

Толық оқу »

92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Аудармашы және маман: 1) осы Кодекстiң87-бабындакөзделген...

Толық оқу »

93-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

93-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сарапшы: 1) осы Кодекстiң87-бабындакөзделген мән-жайлардың кез келгенi б...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 86. Отводы и ходатайства об устранении от участия и освобождение от участия в уголовном процессе Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 86. Отводы и ходатайства об устранении от участия и освобождение от участия в уголовном процессеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан...

Толық оқу »

Комментарий к статье 87. Отвод судьи статье  Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 87. Отвод судьи статье Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Судья не может участвовать в рассмотрении дела, если он: 1) не являетс...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 88. Отвод прокурора Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 88. Отвод прокурораУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Прокурор не может участвовать в уголовном процессе при наличии любого из обст...

Толық оқу »

Комментарий к  статье  90. Отвод понятого Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 90. Отвод понятогоУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Понятой не может участвовать в досудебном расследовании при наличии любого и...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 91. Отвод секретаря судебного заседания и судебного пристава Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 91. Отвод секретаря судебного заседания и судебного приставаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Секретарь судебного заседания и суде...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 92. Отвод переводчика и специалиста Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 92. Отвод переводчика и специалистаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Переводчик и специалист не могут участвовать в производстве п...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 93. Отвод эксперта Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 93. Отвод экспертаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Эксперт не может участвовать в производстве по уголовному делу: 1) при нали...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 89. Отвод следователя и дознавателя Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 89. Отвод следователя и дознавателяУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Следователь и дознаватель не могут принимать участие в расс...

Толық оқу »