88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Прокурор осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде қылмыстық процеске қатыса алмайды.
2. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысуы, сол сияқты оның сотта айыптауды қолдауы оның осы қылмыстық iске одан әрi қатысуына кедергi болып табылмайды.
3. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде прокурорға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi – жоғары тұрған прокурор, ал сотта iс жүргiзу кезiнде iстi қараушы сот шешедi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы