⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы 

       Ескерту. 9-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым: 

      1) астананың брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды астана әкімдігінің қарауына енгізуді және осы іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады; 

      2) астананың брендін ілгерілету бойынша астананың әкімдігіне қызметтер көрсетеді; 

      3) инвестициялар тартуды және туристік дестинацияны дамыту шеңберінде жобаларды іске асыруды жүзеге асырады; 

      4) жаңартылатын энергия көздері саласында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуды жүзеге асырады; 

      5) астанада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілетеді; 

      6) жергілікті және шетелдік туристерге астана туралы қажетті ақпарат береді; 

      7) туризм саласында инновациялық шешімдер іздеуді, зерделеуді, тартуды және енгізуді жүзеге асырады; 

      8) астананың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

      9) астананың әкімдігі айқындайтын өзге де қызметті жүзеге асырады. 

      Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы