⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы  

      Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту, осы баптың екінші бөлігінде, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабының 3 және 10-тармақтарында, 61-11-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасасуы арқылы ресімделеді. 

       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жағдайда, негізгі міндеттеме туралы шарттың және ипотекалық шарттың талаптарын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін. 

       Ипотека куәлігі болған кезде оның мазмұнын өзгертуді болжайтын негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту ипотека куәлігіне осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.  

      Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.26. N 311; өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы