⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң 

      1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады. 

      Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. 

      Төтенше жағдай енгізілген кезде санитариялық талаптарға сай келетін және орынды өз еркімен қалдыру мүмкіндігін болғызбайтын, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарды ұстау үшін ыңғайластырылған өзге де үй-жайлар жергілікті жер комендантының шешімімен қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ретінде пайдаланылуы мүмкін. 

      2. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды. 

      3. Қабылдау-бөлу орындарын және арнаулы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы. 

      Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы