⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-1-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдардың құзыреті  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы

9-1-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдардың құзыреті  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

     9-1-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдардың құзыреті  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы 

      Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде: 

      1) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту жөніндегі ұсыныстарды дайындайды және уәкілетті органға ұсынады; 

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерiнiң қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуді қамтамасыз етiп және осы негiздемелердi кейiннен уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып әзiрлеудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұйымдастырады; 

      3) уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекітеді, паспорттарды уәкілетті органда тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады; 

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді; 

      5) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды сақтауды, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді; 

      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады; 

      7) уәкілетті органға ғылыми табиғи объектілерге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізеді; 

       8) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді; 

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау мекемелері көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекітеді; 

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды – ҚР 08.07.2024 № 118-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы. 

      Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы