9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы
Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақта орналасқан құрылысжайды, ғимаратты жобалау және салу кезінде тапсырыс беруші:
талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуді;
байланыс құралдарын орналастыру мен қосу мақсатында байланыс операторларына арналған микроклиматты басқару жүйесі (желдету, кондиционерлеу және басқалары) бар жеке үй-жаймен қамтамасыз етеді.
Осындай құрылысжайлар мен ғимараттардың меншік иелері байланыс операторларының тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы