⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-2-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Өсімдіктер карантині туралы Заңы

9-2-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Өсімдіктер карантині туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 9-2-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Өсімдіктер карантині туралы Заңы 

       Ескерту. 9-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

 

      1. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

      3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы. 

    Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы