⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы 

       Ескерту. 9-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуге жіберілген жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгенін немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі. 

      2. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді. 

      3. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді. 

      Ескерту. 2-тарау 9-4-баппен толықтырылды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.   

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы