9-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы
1994 жылға жалпымемлекеттiк салықтар мен кiрiстерден түсетiн қаражаттан облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының бюджеттерiне түсетiн аударылымдар мынадай мөлшерде белгiленсiн:
а/ қосылған құнға салынатын салық:
Алматы, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына және Ленинск қаласына - 100 проценттен, Шығыс Қазақстан облысына - 80, Солтүстiк Қазақстан, Ақтөбе облыстарына - 70 проценттен, Маңғыстау облысына - 50, Ақмола облысына - 40, Қарағанды облысына - 30, Алматы қаласына - 20, Павлодар облысына - 10 процент;
б/ меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың, соның iшiнде шетелдiк және бiрлескен кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың пайдасына салынатын салық;
Алматы, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына және Ленинск қаласына - 100 проценттен, Ақтөбе облысына - 82, Шығыс Қазақстан облысына - 76, Қостанай облысына - 62, Солтүстiк Қазақстан облысына - 59, Маңғыстау облысына - 44, Алматы қаласына - 33, Қарағанды облысына - 27, Ақмола облысына - 25, Павлодар облысына - 2,4 процент;
в/ акциздер:
Алматы, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан, Семей, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау облыстарына және Ленинск қаласына - 100 проценттен, Алматы қаласына - 20 процент, Павлодар облысына - 10 процент;
г/ тiркелген /ренталық/ төлемдер:
Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарына - 100 проценттен, Ақтөбе облысына - 50 процент.
Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылғы 14 шiлде N 137-ХIII
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы