⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Акционерлiк инвестициялық қорларға қойылатын талаптар  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

9-бап. Акционерлiк инвестициялық қорларға қойылатын талаптар  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 9-бап. Акционерлiк инвестициялық қорларға қойылатын талаптар  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы 

       1. Акционерлiк инвестициялық қордың:  

       1) осы Заңда көрсетiлген қызметтен басқа қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға;  

       2) "алтын акция" енгiзуге;  

       3) еншiлес ұйымдар құруға;  

       4) жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.  

       Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорларға және жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды. 

       Негiзгi қызмет түрi жылжымайтын мүлiк қорларының активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiкке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлiк қорлары еншiлес ұйымдар құруға құқылы.  

       Жылжымайтын мүлiк қорлары қордың активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi жалға беруге құқылы.  

      2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкін есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады. 

      3. Акционерлік инвестициялық қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, аудиторлық ұйым және бағалаушы өзара үлестес болмауға тиіс. 

       4. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07.N 182 , 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы