⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың белгілері бар оқиғаның басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi. 

      2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпарат қолында бар ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтандыру омбудсманына және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына олар өтініш жасаған кезде беруге мiндеттi. 

      3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнің көлік оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыға осы көлiк оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады. 

      4. Ақпараттық өзара іс-қимылдың осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы электрондық ақпараттық ресурстар алмасу жолымен жүзеге асырылады. 

      5. Көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушінің өміріне зиян келтіру жағдайлары туралы ақпарат алу мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жүзеге асырылады. 

      Пайда алушыны айқындау және өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын мәліметтерге қолжетімділік беру мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай ақпараты бар базаны иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік органның дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпараттық өзара іс-қимылы жүзеге асырылады. 

      Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратты осы көлік оқиғасына қатысушымен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға жібереді. 

      6. Кеден ісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету саласындағы уәкілетті органдар және өзге де мемлекеттік органдар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары туралы мәліметтерді ақпарат алмасу жүйесі арқылы ұсынады. 

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы. 

       Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы