9-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері жолаушылар автомобиль көлігіндегі көлік оқиғасына қатысушыларға сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттардың бір-бір данасын, оның ішінде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрісі қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшірмесін тегін береді.
2. Жолаушылар көлігіндегі оқиға және оның салдары туралы ақпарат қолында бар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтандырылушыға, пайда алушыға және сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
3. Жолаушыларды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушының жәбірленушілерге немесе олардың мұрагерлеріне сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері тиісті сақтандырушыға осы көлік оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.
Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы кез келген басқа адамның да хабарлауға құқығы бар.
4. Ақпараттық өзара іс-қимылдың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы электрондық ақпараттық ресурстар алмасу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 Заңы.
Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы