9-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
1. Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет болып табылады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы