⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар Автомобиль көлiгi туралы Заңы

9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар Автомобиль көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар Автомобиль көлiгi туралы Заңы 

      1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде: 

      1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды; 

      2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды; 

      3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды; 

      4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады. 

      2. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді сервис орталықтары (шеберханалар) жүзеге асырады. 

      3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды пайдалану жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оларда: 

      1) жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар; 

      2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар; 

      3) тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар; 

      4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі; 

      5) электрондық (цифрлық) тахографтарға арналған электрондық карточкаларды сертификаттау, дайындау және беру тәртібі; 

      6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. 

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автобустарды, жүк автомобильдерін, оның ішінде арнайы бейімделген автомобильдерді: 

      1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз); 

      2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен; 

      3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен; 

      4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып; 

      5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай; 

      6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) пайдалануға жол берілмейді. 

      5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті. 

      6. Жеке немесе заңды тұлғалар электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті. 

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы. 

      Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы