9-бап. Автомобиль жолдарына бөлінген белдеуді пайдалану тәртібі Автомобиль жолдары туралы Заңы
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жері жол органдарының немесе өзге тұлғалардың иелігінде және пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.
2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді, талшықты-оптикалық байланыс желілерін, автоматтандырылған өлшеу станцияларын қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылысжайлар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар тартуға тыйым салынады.
Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау жөніндегі жұмыстар жүргізілген кезде ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстардың және (немесе) тіреуіштердің иелері оларды ауыстыруды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапаларының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шарттарымен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілуі мүмкін.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 355-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы