⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының сәйкестiгiн растау Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы

9-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының сәйкестiгiн растау Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының сәйкестiгiн растау Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы  

       Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары үлгiлерiнiң, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың сәйкестiгi мiндеттi расталуға жатады.  

      Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 

       Сәйкестiктi растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы үшiн негiз болып табылады.  

       Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынауға қойылатын техникалық талаптар мен әдiстер азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттермен белгiленедi.  

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 2006.12.29 № 209; өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.  

       Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы