⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы  

       1. Дипломатиялық қызметке жоғары бiлiмi бар, қазақ, орыс және шет тілдерін еркiн меңгерген және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi iскерлiк, моральдық, кәсiби қасиеттерге қол жеткiзген әрi денсаулық жағдайы дұрыс Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.  

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.  

      Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады. 

      Егер халықаралық ұйымның жарғылық немесе өзге де құжаттарында халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерді мемлекет басшыларының тағайындамайтыны көзделсе, онда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілінің мемлекеттік саяси қызметші мәртебесі болмайды. 

      Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілеріне бірнеше шет мемлекетпен және халықаралық ұйыммен қатынастарда қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету өкілеттіктерін жүктей алады. 

      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері орналасқан жері Қазақстан Республикасында болып тағайындалуы мүмкін. 

      Орналасқан жері Қазақстан Республикасындағы қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 

       Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары, ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.  

      Сыртқы істер министрлігінде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді. 

      Шет елдердегі мекемелерде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді. 

      Дипломатиялық қызмет лауазымдарына тағайындау осы Заңда, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

      3. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру азаматтар алдын ала мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.  

      4. Шет елдегі жұмыстан кейін Қазақстан Республикасына оралған дипломатиялық қызмет персоналы, егер ол осы Заңның 22-бабында көзделген жазаларға тартылмаған болса, Сыртқы істер министрлігінде атқарған лауазымнан төмен емес лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалады. 

      4-1. Халықаралық ұйымдардағы жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған және халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызмет персоналы халықаралық ұйымдағы лауазымынан босатылған күннен бастап үш ай ішінде Сыртқы істер министрлігіндегі лауазымға конкурстық іріктеу жүргізілмей тағайындалады. 

      5. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті сынақ мерзімі белгіленеді. 

      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қабылданбайды. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.05.22 N 143 (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.04.29 N 154-IV, 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 77-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы