⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет негiздерi 3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы

9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет негiздерi 3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет негiздерi 3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы  

      Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады.  

      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.  

      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.  

      Рентабельдiлiгi қолданыстағы реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын немесе шығыстарын субсидиялауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етедi. 

      Қалалық рельсті көлік болған кезде жергілікті атқарушы орган Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын бекітеді. 

      Жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті ұсыну жергілікті атқарушы орган мен астананың көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компания арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. 

      Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi. 

      Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28. № 338 Заңымен, 2001.12.15. № 272 Заңымен, 2001.12.24. № 276 Заңымен, 2004.07.09. № 596 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 494-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы