⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкілеттiктер  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

9-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкілеттiктер  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкілеттiктер  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы 

       1. Осы Заңның 8-бабына сәйкес қабылданған шешiмдердiң негiзiнде халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкiлеттiктердi өкілеттiк сертификатын ресiмдеу арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi растайды. 

       2. Егер осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президенті оған тiкелей қол қояр алдында басқа лауазымды адамға табыстаса, мұндай лауазымды адамның өкілеттігін осы Заңның 8-бабында көзделген шешімді қабылдамастан, өкілеттік сертификатын ресімдеу арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растайды.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбiн айқындайды.  

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына, халықаралық шарттың өзінiң ережелерiне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жасалады, орындалады, өзгертiледi және тоқтатылады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы