⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Ішкі істер министрі Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

9-бап. Ішкі істер министрі Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Ішкі істер министрі Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы 

      1. Ішкі істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Ішкі істер министрі басқарады. 

      2. Ішкі істер министрі: 

      1) iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiне басшылықты жүзеге асырады; 

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді; 

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді; 

      3-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған полиция қызметкерлерінің қатарынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің бастығын лауазымға тағайындайды; 

      4) ішкі істер органдары қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен шығарады; 

      5) көтермелейді, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттайды; 

      6) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді; 

      7) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар беруге ұсыныс енгізеді; 

      8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымдарына тағайындауға ұсыну енгізеді; 

      9) Қазақстан Республикасының Президенті алдында ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп береді; 

      10) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдарының орындауы үшін міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады; 

      11) өзінің орынбасарларына, Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына өкілеттіктер береді; 

      12) мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарда Ішкі істер министрлігі атынан өкілдік етеді; 

      13) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттарға қол қояды; 

      14) ішкі істер органдарындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

      15) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ. 

     Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы