9-бап. Кедендік құжаттар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік құжаттар қазақ тілінде немесе орыс тілінде толтырылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағында толтырылатын және кедендік операциялар жасау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органдарына ұсынылуға жататын кедендік құжаттар орыс тілінде толтырылады.
2. Кедендік құжаттарда кодталған түрде көрсетілуге жататын мәліметтер Комиссия бекітетін сыныптауыштар пайдаланыла отырып, ал Комиссия оларды бекіткенге дейін – уәкілетті орган бекітетін сыныптауыштар пайдаланыла отырып көрсетіледі.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес электрондық құжаттар түріндегі кедендік құжаттардың құрылымы мен форматын Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда, электрондық құжаттар түріндегі кедендік құжаттардың құрылымы мен форматын уәкілетті орган бекітеді.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында көзделмеген кедендік құжаттарды, олардың нысандарын, осы нысандарды толтыру, осындай кедендік құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
5. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында кедендік құжаттардың нысандарын толтыру тәртібін және (немесе) кедендік құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін айқындау көзделмесе, мұндай тәртіпті уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы