⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру  Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру  Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру  Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы 

       1. Жалпы жиналыс, егер оған кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде елу процентi қатысса, заңды деп танылады. Күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе жөнiндегi шешiм қатысушылардың айқын басым көпшiлiгiмен немесе бiрауыздан қабылдануға тиiс болатын жағдайда, егер оған барлық қатысушылардың кемiнде үштен eкici қатысса, жиналыс шешiм қабылдауға құқылы.  

       2. Алынып тасталды - ҚР 2005.12.23 № 107 Заңымен. 

       3. Жалпы жиналыста шешiмдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жай көпшiлiк даусымен қабылданады.  

      4. Жалпы жиналыста жарғыны бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату мәселелерi бойынша шешiмдер, егер кредиттiк серiктестiк жарғысы оларды қабылдау үшiн көп дауыс санын немесе бiрауыздан қабылдауды талап етпесе, жиналысқа барлық қатысушылардың үштен екi айқын басым көпшiлiгi даусымен қабылданады. 

      5. Кворум болмаған жағдайда кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы қайтадан шақырылады. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың қайтадан шақырылатын жалпы жиналысын өткізу күнін кредиттік серіктестіктің басқармасы белгілейді. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың қайтадан шақырылған жалпы жиналысы, осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайдарды қоспағанда, егер оған кредиттік серіктестікке қатысушылардың кез келген саны тіркелсе, заңды болып табылады. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 Заңы. 

       Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы