⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері Концессиялар туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері Концессиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері Концессиялар туралы Заңы 

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган: 

       1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды: 

      конкурстық (аукциондық) құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын; 

      концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын; 

      концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын; 

      концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады; 

      2) республикалық меншікке жататын, концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді; 

      3) осы Заңның 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiседi; 

       4) алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

      5) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекітеді; 

       6) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 

      7) конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конкурсқа (аукционға) қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды; 

      7-1) концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады; 

      7-2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға жібереді; 

      7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастырады; 

      7-4) концессия шарттарының тізілімін жүргізеді; 

      7-5) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидаларын бекітеді; 

      7-6) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді; 

      7-7) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      7-8) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді; 

      7-9) концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді; 

      7-10) концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді; 

      7-11) концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдарды айқындайды; 

      7-12) концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу қағидаларын бекітеді; 

      8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы. 

           Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы