⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 

      1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдайды; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысады; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысады; 

      4) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің жұмыскерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 

      5) коммерциялық емес ұйымдармен адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы ұйымдастырады; 

      6) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұзарту мүмкіндігімен, бірақ үш айдан асырмай, алты айға дейінгі мерзімге уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу үшін ішкі істер органдарына өтінішхат жолдайды; 

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы