9-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң құқықтары Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы
1. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң:
1) осы Заңда және кооперативтiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен кооператив iстерiн басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының жұмысына бiр дауыс құқығымен қатысуға;
2) Кооперативтiң басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив қызметiн жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшiлiктердi жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
3) кооперативтiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде кооперативтiң бухгалтерлiк және басқа құжаттамаларымен танысуға;
4) кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;
5) егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртiп көзделмесе, кооператив қызметiне өз еңбегiмен қатысуына сәйкес оның мүшелерi арасында бөлiнуге тиiстi таза табыстан үлесiн алуға;
6) кооперативтегi өз еңбегi үшiн жалақы түрiнде немесе кооператив белгiлеген өзге де түрде ақы алуға;
7) кооператив өзiнiң мүшелерi үшiн көздейтiн жеңiлдiктер мен артықшылықтарды, соның iшiнде өздерi өндiрген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бiрiншi кезекте алуға қатысты бөлiгiнде пайдалануға, кооператив мүлкiн тұтынуға, кооперативтен әлеуметтiк көмек алуға;
8) демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға;
9) әлеуметтiк қамсыздандыруға;
10) белгiленген тәртiппен кооперативтен шығуға құқығы бар.
2. Кооператив мүшесiнiң осы Заңда, өзге де заң актiлерi мен кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.
3. Өндiрiстiк кооператив мүшесi үшiн осы Заң мен басқа да заң актiлерiнде көзделген құқықтардан бас тартудың немесе оларды шектеудiң, соның iшiнде кооператив мүшелерiнiң келiсiмi бойынша, маңызсыз.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. N 241 Заңымен; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы