9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi 2 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың пiкiрiн ескере отырып:
1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлейдi және көшiредi;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың санаттарына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгiлейдi және өзгертедi;
4) облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою және олардың атын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелерiн шешедi;
4-1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы