9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайы кезеңіндегі өкiлеттiктерi Соғыс жағдайы туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының Президенті соғыс жағдайы кезеңінде:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасын құрады, соғыс жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы туралы ережені бекітеді;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережені бекітеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекітеді;
5) соғыс жағдайы кезеңіндегі өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар туралы ережелерді бекітеді;
6) мемлекеттiк органдардың келiсімді түрде жұмыс істеуін және өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз етедi;
7) соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың осы шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiн бекiтедi;
8) соғыс жағдайы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерді шығарады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төтенше мемлекеттiк бюджеттi қабылдап, енгiзедi және бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Парламентiне хабар береді;
10) осы Заңға сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, мемлекеттік органдарды қолдану тәртібін белгілейді және олардың міндеттерін айқындайды;
11) бейбіт жиналыстарды, ереуiлдерді ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салуларды немесе шектеулерді белгiлейдi;
12) әскери қызмет өткерудiң ерекшелiктерiн айқындайды;
13) көлiктiң, коммуникациялардың және энергетиканың, сондай-ақ адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауiп төндіретін объектiлердiң ерекше жұмыс режимiн белгiлейдi;
14) қорғаныс және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
15) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң соғыс жағдайы қолданылатын кезеңдегі құрылымын айқындайды;
16) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 10) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және
меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.
Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы