9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар 3-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы
1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, олардың тиiмдiлігін талдау кезiнде мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, пайдаланушы ұйымдар радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қамтамасыз ету мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды жүргiзедi.
2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
1) қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы;
2) радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау;
3) радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы;
4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын "тиiмдi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi;
5) халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасау;
6) сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетiн мөлшерде сәуле алған адамдарды саны негiзiнде жүзеге асырады.
3. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган талдайды және бекiтедi.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209; 12.01.2016 № 443-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы