9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) рұқсат беру туралы өтінішті;
2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға міндетті.
2. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
3. Алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы