9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары 4-тарау. Қорға қатысу тәртібі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы
1. Өтініш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен қатысу шартын жасасуға мiндеттi.
2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;
2) есептік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үшін);
3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің көшірмесін не Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзіне тиесілі акцияларды Қордың акционерлеріне сату арқылы оларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Акционерлер Қордың акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда, Қор акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын бағамен акцияларды сатып алуға міндетті.
4. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және шарттары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңы.
Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы