⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

9-бап. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы 

       1. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары жылжымайтын мүліктiң, оның iшiнде сатып алынатын тұрғын үйдiң кепiлдiгiмен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнiң ішкi кредиттiк саясатына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ банкi айқындаған міндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң басқа тәсiлдерiмен қамтамасыз етiледi.  

      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатына алынған тұрғын үй қарызы шеңберінде қарыз алушы орындамаған міндеттемелер бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне төлемдер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

      2. Егер жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерi шарттық соманың елу процентiнен кем болса, тек қана жылжымайтын мүлiк немесе банктегі салым (депозит) тұрғын үй заемы бойынша қамтамасыз ету болып табылады.  

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 2005.04.14. № 43, өзгеріс енгізілді - 2007.07.02. № 272; 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы