9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi Iшкi су көлiгi туралы Заңы
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
1-2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;
1-3) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүкті әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;
2) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру;
2-1) тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау жатады.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
3) iшкi су жолдарының кеме қатынай алатын жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi күтiп ұстау;
4) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
4-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
5) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнің, Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнің және кеме кітабының нысандарын бекiту;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;
7) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) лоцмандық қызмет туралы ереженi бекiту;
9) мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жататын iшкi су жолдары учаскелерiнiң, кемелер түрлерi мен көлемдерiнiң тiзбесiн бекiту;
10) Ішкi және аралас "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi сыныптау қағидасын бекіту;
11) кемелердiң техникалық куәландырылуын жүргiзудi қамтамасыз ету;
11-1) кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізу;
12) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидасын бекіту;
13) Кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту;
14) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту;
15) Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту;
16) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртiбiн бекіту;
17) Аралас "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
18) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкi және аралас "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
19) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;
20) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
21) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;
22) Ішкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
23) өз құзыретi шегiнде iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
24) iшкi су көлiгi саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
25) суға кеткен мүлiктi көтеру тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындау;
26) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
26-1) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын бекіту;
26-2) Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту;
26-3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны жасау тәртібін бекіту;
26-4) кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау;
26-5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды бекіту;
26-6) ішкi су жолдарын пайдалану қағидаларын бекiту;
26-7) кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту;
26-8) порттың мiндеттi көрсететін қызметтерінің тiзбесiн бекiту;
26-9) жағалау белдеуiн пайдалану тәртiбiн айқындау;
26-10) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
26-11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту;
26-12) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тізбесін бекiту;
26-13) қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларын бекiту;
26-14) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
26-15) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
26-16) кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларын бекіту;
26-17) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;
26-18) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту;
26-19) ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту;
26-20) ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
26-21) кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту;
26-22) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту;
26-23) ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту;
26-24) кемелердегі қызмет жарғысын бекіту;
26-25) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларын бекіту;
26-26) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту;
26-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
26-28) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
26-29) Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту;
26-30) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;
26-31) мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдарын жұмсау (заттай мәндегі) нормаларын бекіту;
26-32) суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін бекіту;
26-33) уәкілетті органның кәсіпорны орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтердің көлемдері мен құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi – аумақтық бөлiмше) құзыретіне:
1) кемелердi, салдарды және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектiлері мен құрылыстарын, олардың қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап тексерудi жүргiзу;
2) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;
3) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтiн кемелердi (оның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн ұстау;
4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
5) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
6) ішкі су жолдарының жай-күйін қадағалау;
7) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыру;
9) жеке және заңды тұлғалардың iшкi су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
10) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру;
11-1) кемелердің командалық құрамының адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізілетін аттестаттау;
12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығару;
13-1) көлік оқиғасы туралы уәкілетті органды құлақтандыру, кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексерулерді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпаратты және дәлелдемелерді жинау;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы.
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы