9-бап. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау Теміржол көлігі туралы Заңы
Жылжымалы құрам және жылжымалы құрамның кепілі уәкілетті орган айқындаған тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркеуге (қайта тіркеуге) жатады.
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен жылжымалы құрам Мемлекеттік жылжымалы құрам тізіліміне енгізуге жатады. Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы.
Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы