92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Аудармашы және маман:
1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;
2) егер олардың құзыреттi еместiгi анықталса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
2. Адамның осының алдында аудармашы немесе маман ретiнде қатысуы олардың осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге осындай тиісті түрде одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi қылмыстық процестi жүргізетін орган шешедi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы