923-бап. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшін жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.
2. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура органдарының өзге де заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген зиян осы Кодекстiң 922-бабында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.
3. Судьялардың және басқа сот қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян, осы баптың 1-тармағында көзделгеннен басқа ретте, осы Кодекстiң 922-бабының 3-тармағында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы