⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Алимент өндіру туралы арыздану мерзімі

Алимент өндіру туралы арыздану мерзімі

Алимент өндіру туралы арыздану мерзімі

Алимент өндіру туралы арыздану мерзімі

 

Заңның 164 бабына сәйкес алимент алуға құқылы тұлға алимент алу құқығы пайда болған мерзімнің өтуіне қарамай сотқа арыз беруіне құқылы егер бұрын екіара келісіммен алимент төленбеген жағдайда.     

Алиметн сотқа жүгінген күннен бастап өндіріледі. Егер сотта арызданушы алимент алуға шара қабылданғаны анықталса бірақ борышкердің кесірінен және оның алимент төлеуден бас тартқаны анықталса сот арызданушының арыз берген күнінен бастап өткен 3 жылдық мерзімге алимент өндіруге құқылы.

Алименттік құқық қатынастарға талап беру мерзімі қолданылмайды. Өткен мерзімге алимент өндірілетін жағдайлар заңмен айқандалған яғни, егер :

  • алимент төленбеген болса;
  • алимент алуға сотқа дейін шара қолданылған болса;
  • алимент борышкердің алимент төлеуден баст тарту негізінде алынбаған болса заң бойынша алимент өткен мерзімге өндіріледі.

Бұндай жағдайда дәлелдеме ретінде ішкі істер бөліміне арызданушының берген арызы, борышкерді іздеу шаралары туралы мәлімет, борышкерге қылмыстық іс қозғау туралы мәліметтер т.б. табылады.  

            Алимент алу құқығы алимент өндіру негіздері жойылған кезден бастап қысқартылады (мысалы баланың 18 жасқа толуы). Заң бойынша егер сотта арызданушы алимент алуға шара қабылданғаны анықталса бірақ борышкердің кесірінен және оның алимент төлеуден бас тартқаны анықталса сот арызданушының арыз берген күнінен бастап өткен 3 жылдық мерзімге алимент өндіруге құқылы.

            Мысалы талапкер жауапкерге талап арыз бере келе, жауапкермен 3 тамыз 2007 жыладан бері заңды некеде тұратынын көрсеткен. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 5 Қараша 2009 жылғы шешімімен неке бұзылған талапкермен жауапкердің 21 желтоқсан 2007 жылы туылған Б.А. баласы бар. Негізінде талапкер Б.С.мен 2009 жылының шілде айынан бірге тұрмайды сол күннен бүгінгі күнге дейін жауапкер жұмыс жоқтығын сылтауратып, ақша жоқтығын негізге алып, келешекте алимент төлеуге қарсы екендігін қарсы етіп алимент төлемеген.

Бүгінгі күні ол жақсы лауазымда қызмет атқарады және алимент төлеуге мүмкіндігі бар деп аәмілетке толмаған баласын асырауға жауапкерден 2010 жылдың Қазан айынан 2014 Қазан айына дейін алимент өндіруді талап еткен. Сонымен қатар неке бұзу туралы талап арыз берген кездеол жауапкерден алимент өндіруді сұрағанын, бірақ ол туралы қабылдамағанын атап көрсеткен.

           

            Алматы қаласы Алмалы аудандық нөмірі 2 сотының 9 Қазан 2014 жылғы шешімімен Д.Ж.ның Б.С.-дан баласы Б.А.-ға 3 жылдық мерзім арасында – 2010 Қазан айынан 2014 Қазан айына дейін алимент өндіру туралы талап арызы заңды түрде қанағаттандырусыз қалған. Сот мәжілісінде талапкер аталған мерзімде өзі алимент алуға шара қолданғанын, ал жауапкер алимент төлеуден бас тартқандығын дәлелдейтін деректер анықталмаған.

Талапкердің өзі 2009 жылы некені бұзу туралы талап арыз берген кезде алимент өндіру туралы талап қойғанын сот жанжақты тексеріп, оған дұрыс баға берген себебі талапкер бұндай талап қойғанымен, сот бұл арыз бойынша шешім қабылдамаған, ал талапкер болса өзінің арызын шешу мәселесімен айналыспаған.

Одан бөлек іс материалдарында жауапкер баласына өз еркімен материалдық көмек көрсеткендігі туралы деректер бар, және осы деректер талапкермен жоққа шығарылмаған. сондықтан сот талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деген заңды тұжырымға келген. 

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.