⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Ақша немесе тауарлық құндылықтарға тікелей қызмет көрсететін қызметкермен айыпты әрекеттер жасауынан еңбек шартын бұзу

Ақша немесе тауарлық құндылықтарға тікелей қызмет көрсететін қызметкермен айыпты әрекеттер жасауынан еңбек шартын бұзу

Ақша немесе тауарлық құндылықтарға тікелей қызмет көрсететін қызметкермен айыпты әрекеттер жасауынан еңбек шартын бұзу

Ақша немесе тауарлық құндылықтарға тікелей қызмет көрсететін қызметкермен айыпты әрекеттер жасауынан еңбек шартын бұзу

Аталған негіздеме бойынша еңбек шарты қызметкерлердің шектелген шеңберімен ғана бұзылуы мүмкін, оның ішінде оның қабылдауын, сақталуын, тасымалдануын, таратылуын және т.б. тікелей қызмет көрсететін тұлғалар, тиісті шарт негізінде оларға сеніп тапсырылған ақша немесе тауарлық құндылықтарға толық материалдық жауаптылық тартатын тұлғаларға жатқызылуы міндет емес.

Талапкер Р.А.Р. еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану, оны жұмысқа қайта орналастыру туралы талаппен сотқа жүгінген, оны «Цеснабанк» АҚ Павлодар филиалының № 47 дербес қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі - ДҚО) бастығы болып жұмыс істеген. 2015 жылдың 14 желтоқсанында Еңбек Кодексінің (2007 ж.) 54-б. 10-т. негізінде жұмыс берушінің тарапынан сенім жоғалтуына байланысты жұмыстан шығарылған болатын. Өзінің жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санады, себебі оның лауазымдық міндеттері ақша немесе тауарлық құндылықтарға тікелей қызмет көрсетумен байланысты емес. Соттың шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылған болатын.

Бірінші сатыдағы сот шешімді талапкердің әрекеттерімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ізін жасыруға) және 2015 жылғы 15 сәуірдегі №15/04/15-01 «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің хаттамасымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау Саясатының (Ережелерінің) қағидалары бұзылған деп уәждеді. Ақша аударымдарын бөлшектеу, ақшаны жіберетін жеке басты жасыру бұл операцияларды күдіктілердің қатарына жатқызуға негіз береді.

Дауды шеше отырып, сот талапкер ақша құндылықтарына тікелей қызмет көрсеткен қызметкер болып табылғанынан дұрыс шығып отырды, сондықтан да ол Еңбек Кодексінің 54-б. 10 т. негізінде жұмыстан шығарылуы мүмкін еді.

Талапкердің ДҚО бастығы ретінде материалдық құндылықтарға тікелей қызмет көрсетпегені, сондықтан да осы негіздеме бойынша жұмыстан шығарудың субъектісі болып табылмайтыны туралы шағым дәлелдері апелляциялық сатыдағы сотпен негізсіз деп танылған.

Талапкердің әрекеттерімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ізін жасыруға) және 2015 жылғы 15 сәуірдегі №15/04/15-01 «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің хаттамасымен бекітілген, «Цеснабанк» АҚ терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, Ішкі алаяқтыққа қарсы ісқимыл жөніндегі Саясат, Кассалық операциялар жүргізу Ережелері, «Юнистрим» жүйесі бойынша банктік шотты ашусыз жеке тұлғалар депозиттерінің аударымдарын жүзеге асыру Тәртібі, Банктік операциялар бойынша операцияларды жасаған кезде сенімхаттарды және басқа операцияларды қолдану Тәртібі, Жеке тұлғалардың жинақтық шоттарын ашу, жүргізу және жабу Тәртібі, оның ішінде «Юнистрим» төлемдік жүйесі бойынша ақша аударымдарын бөлшектеу, ақша жіберушінің шынайы жеке басын жасыру, жіберушілердің қолтаңбаларын ауыстыру, қолма-қол шетел валютамен аударым операциялары, үшінші тұлғалар – банк клиенттерінің банктік шоттарын заңды негіздемелерсіз билік ету, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйек кезеңі бойынша осыған ұқсас әрекеттерді жасауға бағынышты қызметкерлерді мәжбүрлеу мақсатында ішкі бақылау Саясатының (Ережелерінің) қағидалары бұзылған болатын.

2015 жылдың 17 сәуірде бекітілген № 47 ДҚО бастығының лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оның негізгі қызметтері ҚР заңнамасына, Жарлығына, Ішкі ережелерге, банкінің операциялық қызметін реттейтін рәсімдерге, сондайақ банкінің басқа ішкі құжаттарға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру, ДҚО мамандарының міндеттерін уақытылы және сапалы орындауға бақылау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ізін жасыруға) «Цеснабанк» АҚ терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау Ережелеріне сәйкес клиентті тиісті түрде тексеру (сәйкестендіру), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін кассалық операцияларды жүзеге асырудың тиімді үдерісін ұйымдастыру, қызметкерлердің кассалық тәртіпті сақтауға бақылау жасау.

Өз қаулысында сот алқасы барлық аталған локальды нормативтік актілер қызмет көрсету ережелерін бұзу мен тиісті ресімдеусіз банк клиенттеріне қызмет көрсету орын алған, бұл жұмыс берушінің қызметкерге сенімін жоғалтуға әкелетін әрекетке жатқызылады, себебі олар оның қызметіне зиян тигізеді, ішкі алаяқтық үшін жағдайлар жасайды.

ЕК-нің 74-б. 1-т. көзделген жұмыс берушінің тәртіптік жазаны тарту мерзімін өткізіп алу туралы шағым дәлелдері өз растауын таппады. 2015 жылдың 19 қарашасынан бастап 30 қараша, 2 желтоқсаннан бастап 8 желтоқсан және 9 желтоқсаннан бастап 12 желтоқсан кезеңі бойынша Р.А.Р. жалақының сақтауынсыз демалыста болған, бұл оның арыздарынан және қызметкер демалыста болған кезде тәртіптік жаза тарту туралы бұйрық шығаруға құқылы емес жұмыс берушінің бұйрықтарынан мәлім.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу