Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеу
Барлық материалдық емес игіліктер материалдық емес игіліктердің әр түрінің бірдей деңгейіне жатады.
Біріншіден, олар азаматтың жекелігінен бөлінбейді және онымен тығыз байланыста болады. Мүліктік игіліктерден айырмашылығы оларды сатуға,сыйлауға,айырбастауға т.б болмайды. Шынымен, өзінің ар ожданынды , жақсы атақты мәміле бойынша бере салуға болмайды және ол заңмен рұқсат етілмегендіктен емес. Себебі олар объективті түрде бұл әлемде өмір сүрмейді, олар тек нақты тұлғалармен байланысты, олар өзінің пайда болуын белгі адаманан табады.
Адамның оны қоршаған ортамен ол өмір сүретін ұжыммен қарым қатынасы қадыр –қасиеттің құрылуын анықтайды. Қоғам әрбір индивидті бағалау кезінде, онда адам қадыр-қасиеті туралы мәселе айтылады.Ар ождан түсінігінде басқа адамдарды құру кезіндегі адманың жағымды әлеуметтік бағасы анықталады.Өзінің жақсы атын қорғау құқығы және қадыр-қасиеті әрбір адаммен танылады және жоғары құндылықтар ретінде мемлекетпен сақталады.
Азаматтың ар ожданы мен қадыр қасиетімен бірге іскерлік беделдігі қойылған. Ол тек азаматқа ғана емес, заңды тұлғаларға да қатысты болады. Іскер әлемде бәсекелестік және нарықтық талаптарында беделділік жоғары бағаланады. Іскерлік беделділік азамат және заңды тұлғаның кәсіби, өндірістік, сауда және басқа қызметтердің барысында құралады, және өзімен еңбек нарығында оның кәсіби сапасының бағасын көрсетеді. Маңғыстау облысының Қарақия аудандық сотының шешімімен 2015 жылдың 12 қазанында Г.М.Ж-ан Н.Г.Г-ның пайдасына 20 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілген. 2015 жылдың 10 шілде айында жауапкер өзге адамдардың көзінше «сен хадчиксін, сенй шығару керек,саған садақа болсын» деген сөздермен талапкерді балағаттаған. Сот талап арызды қанағаттандырып, Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабы 2-тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтынын көрсеткен.
Моральдық зиянды өндіру туралы мәселелер тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты тағайындалуы тиіс. Егер бір адамда балағаттау әрекеттері белгілі психикалық реакцияны тудырса, ал біреулерінде еш нәрсе тудырмауы мүмкін. Сот практикасында егер балағаттау әрекеттерінен кейін тұлға психолигиялық көмек көрсету орындарына жүгінсе және ол туралы белгілі дәлелдмелер келтірілсе, сот оны моральдық зиян келтіріген деп снайды. Барлық жағдайларда соттар, моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық істерді қарауда зиян келтірушінің салдарынан адам қандай зиян келтігенін ескереді. Соттармен «Заңды және жеке тұлғалардың ар ожданы, қадыр қасиеті және іскерлік беделі туралы сот практикасында заңды қолдану туралы» Нормативтік қаулысының 13-тармағында көрсетіледі, және де мәліметтерді жеткізу формалары: Интернет, БАҚ, жиналыста, жауапкердің кәнә нысаны және назар аударуды қажет ететін жағдайлар.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының Өскемен қалалық сотының шешімімен талапкер Юлия Алекссандровна Б-ның жауапкер Валентина Васильевна У-дан ар ождан,іскерлік беделдігін қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылған. Талапкердің келтірген арызының материалдарына сәйкес Ульбин полиция бөлімшесінің бастығына жолданған арызды Ю.А.Б-ева өз балаларының тәрбиесімен айналыспайтынын, оларды кешке тастап кететндігі, үйіне бөтен адамдарды әкелетіні және олар қонып қалатындығы туралы мәліметтер көрсетілген. Аталған жайттар бойынша тексеріс жүргізіліп, олар өз дәлелін таппады. Ю.А.Б-ева балаларының тәрбиесімен айналысады, көршілерінен еш шағымы жоқ, жағымды мінезделеді және бала бақшада жұмыс істейтіндігі анықталды. Талапкердің келтірген арызындағы оның ар ожданын түсіргендігі туралы тұжырымдары өз орнын тапты. «Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы» Нормативтік қаулының түсініктемесі бойынша ар-намысты және абыройды қорғау туралы талабымен бірге талапкер одан келтірілген мүлік зиянды өндіру туралы талап қоюға құқы бар.Сотпен моральдық зиян өтемақысы 5000 теңге мөлшерінде белгіленді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі моральдық залалды өндіру туралы талап арызы
59 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру
62 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру туралы
60 рет жүктеп алынды